Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2008 жылғы 7 қазандағы № 149/288
қаулысына қосымша
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі шығып қалған депутаттың орнына ұсынған, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаттығына кандидатты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2008 жылғы 17 қазанда Қазақстан
халқы Ассамблеясының Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат
ретінде ұсынған, 1946 жылғы туған, ұлты болгар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде
Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының консультанты болып істейтін, Қазақстан халқы Ассамблеясы
Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Болгар мәдени орталығының басшысы, Астана қаласында тұратын, Олег
Григорьевич Дымовты тіркеді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатқа тиісті куәлік берілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы |