Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  



Хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚР ОСК ИТО» РМК) Астана мен Алматы қалаларында көліктік қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде қайтадан ашық конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, қажет талаптар мен ерекшеліктері, сондай-ақ қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама топтамасын 2009 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-ден, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мына мекен-жайдан алуға болады: 010000 Астана қ., Бейбітшілік көшесі 4, 312-кабинет.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді «ҚР ОСК ИТО» РМК-нға әлеуетті жеткізушілер желімделген конверттерге салып, мына мекен-жайға тапсырлады: Астана қ., Бейбітшілік көшесі 4, 312-кабинет.
Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2009 жылғы 10 наурыз сағат 10.00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2009 жылғы 10 наурыз сағат 11.00-де мына мекен-жайда ашылады: Астана қ., Бейбітшілік көшесі 4, 312-кабинет.
Әлеуетті жеткізушілер конкурс өтінімдері салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Шантиева Г.А. – экономист 8(7172)75-23-51
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 75-23-51. 75-25-01

Конкурстық құжатты алу үшін тіркелу нысанын толтырып, электрондық мекен-жайға madina@saylau.kz жіберіңіз

АШЫҚ КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАТТАМА...

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Астана мен Алматы қалаларында көліктік қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жеткізіп берушілердің тізімі.
Ашық конкурстың өткізілетін күні – 2009 жылғы 10 наурыз

Р/б № Әлеуетті жеткізіп берушінің уәкілетті өкілінің Т.А.Ә., оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері Әлеуетті жеткізіп берушінің толық атауы, мекен-жайы мен байланыс телефондары Әлеуетті жеткізіп берушінің уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманы алған күні мен уақыты



© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g