|
|

|
| ҚР ОСК мен Қазақстандағы БҰҰДБ шағын гранттар бойынша конкурс қорытындылары
|
 |
2009 жылғы 25 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігі мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы қаржыландыратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына техникалық жәрдемдесу" атты бірлескен жобасының шеңберінде конкурсқа түскен Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау белсенділігін арттыруға бағытталған жобалар бойынша Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өтінімдерін қарау жөніндегі іріктеу комиссиясының отырысы болды.
Іріктеу комиссиясының құрамына 5 адам қатарында ҚР Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, Қазақстандағы және Қырғызстандағы Ұлыбритания елшілігінің, Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының өкілдері кірді.
Конкурс туралы хабарландыру 2009 жылғы 22 мамырда "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының ресми сайттарында жарияланды.
Конкурсқа 5 өтінім келіп түсті:
1. "Сайлау заңнамасы арқылы ауыл жастарының азаматтық және саяси белсенділігін арттыру", «Павлодар өңірлік басқару мектебі» қоғамдық қоры, Павлодар қ,;
2. "Азаматтардың сайлау процесі туралы ақпараттандырылуын арттыру жөнінде оқыту семинар-тренингтерін өткізу", «Ауыл бастамаларын қолдау орталығы» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, Орал қ.;
3. "Қазақстан Республикасының сайлау процесіне жастардың қатысуын ынталандыруға жәрдем көрсету", «Қазақстан халықаралық құқық қауымдастығы», Алматы қ.;
4. "ҚР азаматтарының сайлау белсендігін арттыру бойынша ақпараттық – оқыту науқанын өткізу", «СҚО белсенді жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, Петропавл қ.;
5. "Қызылорда облысының Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандарында жастардың сайлау белсенділігін арттыру жөніндегі жоба", «Нұр - 57» қоғамдық қоры, г. Қызылорда;
Талқылау мен дауыс беру қорытындылары бойынша мынадай өтінімдер мақұлданып, қаржыландыруға берілді:
1. "Сайлау заңнамасы арқылы ауыл жастарының азаматтық және саяси белсенділігін арттыру", «Павлодар өңірлік басқару мектебі» қоғамдық қоры, Павлодар қ,;
2. "Қазақстан Республикасының сайлау процесіне жастардың қатысуын ынталандыруға жәрдем көрсету", «Қазақстан халықаралық құқық қауымдастығы», Алматы қ.;
3. "Қызылорда облысының Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандарында жастардың сайлау белсенділігін арттыру жөніндегі жоба", «Нұр - 57» қоғамдық қоры, г. Қызылорда.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
|
| |
|
|
|
|
|
|
|