Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  

Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың назарына 2009 жылғы 25 қазанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабы 4-тармағына сәйкес еліміздің 13 өңірінде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауы болатындығын хабарлайды. Сайлау облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 7, қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 11 және аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 37 сайлау округінде өтеді.
Сайлау заңнамасына сәйкес бұл сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді аумақтық және округтік сайлау коиссиялары қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әдістемелік басшылықты және олардың қызметінің сайлау туралы заң талаптарына сәйкес болуын бақылауды жүзеге асырады.
Сайлау науқаны барысында барлығы 170 кандидат ұсынылған, олардың 139-ы қазіргі кезде сайлауалды жарысқа қатысуды жалғастыруда. Соның ішінде, облыстық мәслихаттарға – 21, қалалық мәслихаттарға – 26, аудандық мәслихаттарға – 92. Орта есеппен алғанда бір депутаттық мандатқа үшке жуық адам үміткер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың басқа кандидаттарға қарағанда көп дауысын алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау округтерінің сайлаушыларын осы жылдың 25 қазаны күні өтетін мәслихаттар депутаттарының сайлауына белсене қатысуға шақырады.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы

07.05.2010
Ұлы Жеңістің 65-жылдығымен құттықтау...
толығырақ
26.04.2010
Қостанай облысынан шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабар...
толығырақ
05.04.2010
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесі...
толығырақ

КЕРІ БАЙЛАНЫС
   Мәтін    Хабардың түрі     
   Күні   (DD.MON.YYYY)

 Толық сәйкестік      Шамалы сәйкестік

    




© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g