|
|

|
| Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы
|
 |
Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған Саяси партияларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы саяси партияларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін республикалық бюджет туралы заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Астана, 2009 жылғы 22 казан
№ 166/314
|
| |
|
|
|
|
|
|