Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  

ҚР Орталық сайлау комиссиясында жас сайлаушылармен кездесу болып өтті

2009 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында жас сайлаушылармен кездесу болып өтті

2009 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып, Жас сайлаушылар -Тәуелсіздік Құрдастарымен кездесу өткізді.
Салтанатты шараға Астана қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің 250-ден астам студенттері, оқу озаттары мен активистері – Қазақстан Республикасы Тәуелсізідгінің Құрдастары қатысты.
Шараға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов пен «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев сөз сөйледі.
Кездесуді аша келе, Орталық сайлау комиссиясының Басшысы: «Биылғы жылы сіздер, біздің егемен мемлекетімізбен қатар туып, бірге өскен жастар, кәмелетке толып, Конституциямен кепілдендірілген сайлау құқығына ие болдыңыздар. Бұл – азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін маңызды саяси құқықтардың бірі болып табылады.
Бүтіндей бір елдің өміріне қатысты сұрақтар бойынша саналы таңдау жасау оңай емес, алайда сіздер тек осылай ғана өздеріңіздің азаматтық кемелдіктеріңізді, дербес саяси ұстанымдарыңызды көрсетіп, Қазақстанның болашағын қалыптастыруға маңызды үлес қоса аласыздар»,- деп атап өтті.
«Бүгін сіздер Орталық сайлау комиссиясында қонақтасыздар. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі осы мемлекеттік органның жұмысына байланысты. Әрбір азамат құқықтармен қатар міндеттер де алады, өз елі үшін жауапкершілік жүктейде. Сіздер - біздің Мемлекетіміздің құрдастары - осыны ұмытпасаңыздар екен»,- деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев жас сайлаушыларға арналған құттықтау сөзінде.
Кездесуде сондай-ақ ҚР ОСК мүшесі Л.Ж.Сүлеймен, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, «Жастар Мәжілісі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б. А. Сыздықова сөз сөйледі.
Болып өткен әңгіме мен қызу пікір алмасу барысында жас сайлаушылар Орталық сайлау комиссясының Төрағасы мен мүшелеріне, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдеріне сұрақтар қою мүмкіндігін алды.
Жас сайлаушылар тек сайлау құқығы сұрақтары бойынша ғана емес, мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша да қызығушылық танытты.
Кездесуді соңында ОСК-ның Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов барлық кездесуге қатысушыларды келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнімен құттықтады және еліміздің жас буын өкілдері өздерінің сайлау құқықтарын зерделеу мен іске асыруға мейілінше ыждағаттылықпен қарайтындықтарына, болашақта егемен Қазақстанның гүлденуіне өзіндік үлес қосатындықтарына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44

03.09.2010
31 қазан күні 63 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді...
толығырақ
23.04.2010
2010 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысынан шығып қалғанның орнына ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтті...
толығырақ
16.04.2010
16 сәуір күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа қалыптастырылған құрамының бірінші отырысы өтті ...
толығырақ

КЕРІ БАЙЛАНЫС
   Мәтін    Хабардың түрі     
   Күні   (DD.MON.YYYY)

 Толық сәйкестік      Шамалы сәйкестік

    




© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g