Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  

2010 жылғы 4¬5 ақпанда ҚР ОСК «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе отырып шаралар ұйымдастыруда

2010 жылғы 4-5 ақпанда Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік сайлау күні аясында Қазақстан Республикасы сайлау құқығы мен сайлау жүйесін насихаттауға бағытталған шаралар ұйымдастыруда

Еуропа елдері сайлауды ұйымдастырушылары ассоциациясының бастамасы бойынша халықаралық қауымдастық 2010 жылғы 6 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтудегі басты мақсат демократияландыру процесінің тұрақтылығын қоғамдық санаға сіңіру, қоғамды сайлау процесінде қол жеткізілген табыстар туралы хабардар ету, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға пейілділігін қалыптастыру.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ ҚБ-мен бірлесе отырып, 2010 жылғы 4-5 ақпан күндері ел өңірлерінде Қазақстан Республикасы сайлау құқығы мен сайлау жүйесін насихаттауға бағытталған шаралар ұйымдастыруда.
Бұл шаралар аясында жастардың Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарымен, сайлау комиссялары мүшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялардың және олардың жастар құрылымдық бөлімшелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бейресми кездесулерін ұйымдастыру көзделіп отыр.
Одан басқа, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, салтанатты түрде Қазақстан Республикасының жасы 16-ға толған азаматтарына жеке куәліктер табыс ету рәсімі, сондай-ақ жас сайлаушылар үшін сайлау заңнамасын білу бойынша тест өткізілетін болады.
Ұйымдастырушылардың алдына қойып отырған басты мақсаты сайлаудың демократиялық ұстанымдар мен постулаттардың еліміздің миллиондаған азаматтарының санасына берік орнауындағы рөлін ашу, жас сайлаушылардың Конституциямен кепілдендірілген демократиялық бостандықтардын іске асыру аясында мемлекетті басқаруға тікелей немесе өздерінің еркін сайланған өкілдері арқылы қатысу құқықтары мен мүмкіндіктерін білуі және түсінуі.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44

03.09.2010
31 қазан күні 63 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді...
толығырақ
23.04.2010
2010 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысынан шығып қалғанның орнына ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтті...
толығырақ
16.04.2010
16 сәуір күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа қалыптастырылған құрамының бірінші отырысы өтті ...
толығырақ

КЕРІ БАЙЛАНЫС
   Мәтін    Хабардың түрі     
   Күні   (DD.MON.YYYY)

 Толық сәйкестік      Шамалы сәйкестік

    




© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g