Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  



Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары.

Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) республикалық бюджет қаражатының құралуы және жоспарлы жұмсалуы туралы ақпаратты беріп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге сәйкес Ортсайлаукомның функцияларына сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Парламент Мәжiлiсi мен Сенаты депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзу, сайлау өткiзу кезiнде аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асыру кіреді.
Орталық сайлау комиссиясының негізгі қызметі Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жалпыға бірдей танымал демократиялық қағидаттарға сәйкес дамыту және жетілдіру болып табылады.
Қазіргі уақытта Ортсайлауком сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін сайлау іс-қимылдары мен тетіктерінің барынша ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз етумен, сайлау процесін ұйымдастырудың жаңа технологияларын, әдістері мен тетіктерін әзірлеумен және енгізумен, сайлаушылардың сайлау комиссияларының қызметі, сондай-ақ сайлау науқаны барысы туралы уақтылы, шынайы және толық ақпарат алуына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етумен байланысты міндеттердің біртұтас кешенін шешеді.
Бұл ретте сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын және сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, сайлаушылардың қоғамдық белсенділігін, олардың азаматтық жауапкершілігін дамыту жөніндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді, бұл құқық қолдану тәжірибесін жетілдірудің, сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының нақты сақталуының міндетті шарты болып табылады.
Ортсайлаукомның алдағы кезеңдегі қызметінің маңызды бағыты сайлау процесі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады. Сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесімен алмасу, түрлі елдер сайлауларының құқықтық базасын зерделеу және талдау, сайлау процесін байқауға қатысу азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің ең озық және үдемелі әдістерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Осы міндеттерді іске асыру мақсатында Ортсайлауком халықаралық байқаушыларды Қазақстан Республикасындағы сайлаулар мен референдумдарға шақыру және аккредиттеу әрі Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегі байқауға қатысу үшін жіберу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады.
Ортсайлаукомның бюджеті өткізілетін сайлау науқандарының мерзімділігін ескере отырып, қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті 5 жыл мерзімге сайланады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы).
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл (Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы).
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан 2 адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың 15 депутатын Республика Президенті тағайындайды. Парламент Сенаты депутаттарының барлығы – 47.
Парламент Сенаты депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланатын Сенат депутаттарының жартысы әрбiр 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады.
Мәслихаттардың депутаттары 5 жыл мерзімге сайланады.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды.
Депутаттар саны (жоғарғы және төменгі шек) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай шектерде анықталады: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 50-ге дейiн; қалалық мәслихатқа – 30-ға дейiн; аудандық мәслихатқа – 25-ке дейiн.
Мәслихаттар депутаттарының саны "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына сәйкес айқындалған.
Мәслихаттар депутаттарының барлығы - 3335.
Сондай-ақ Сайлау туралы Конституциялық заңға сай Парламент Сенатының немесе мәслихаты депутатының өкілеттігі мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, мандатынан айырылған не ол қайтыс болған жағдайда шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізеді.

Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру

1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібi Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленеді .
2. Республикалық бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайларды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне, электронды сайлау жүйелерінің пайдаланылуын қамтамасыз ететін мамандарға еңбек ақы төлеуге (сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мүшелеріне кемінде ең төменгі үш жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді (Сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабының 11-тармағы);
2) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне. Әрбiр кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi (Сайлау туралы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағы);
3) кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға, соның ішінде плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де үгіттiк баспа материалдарын басып шығаруға;
4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке;
5) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттікке, Парламент Сенатының және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады.

2011 жылға арналған бюджет

2011 жылы сайлауды өткізуге арналған шығыстар 256 173 мың теңгені құрайды, соның ішінде:
- 16 облыста, Астана және Алматы қалаларында бір мандатқа 5 кандидат есебінен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге - 142 000,0 мың теңге;
- Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық/қалалық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізуге (облыстық мәслихаттарға – 6 кандидат бәсекелес болғанда 5 мандат есебінен және тиісінше 70 мандат қалалық және аудандық мәслихаттарға - 1 мандатқа 4 кандидаттан бәсекелес болғанда), барлығы 114 173,0 мың теңге.

2010 жылғы есепті кезеңде және 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы талдамалы ақпарат

2010 жылы сайлауды өткізуге бюджеттен - 152 697,0 мың теңге көзделген болатын. Нақты шығыстар 118 679,4 мың теңгені құрады. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы 34017,6 мың теңге сомасында бюджетке қайтарылды.
Қостанай облысы бойынша шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өткізілді. Шығыстар 2 425,9 мың теңгені құрады.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 101-бабының 4-тармағына сәйкес 2010 жылғы 29 наурыз бен 31 қазанда өңірлерде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізілді. Сайлау 115 сайлау округінде (облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 17 округте, қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 12 округте және аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 86 округте) өткізілді.
Сайлауды өткізуге 16 облыстық, 115 қалалық/аудандық аумақтық, 115 округтік және 562 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Сайлау науқаны барысында мәслихаттар депутаттығына барлығы 316 кандидат ұсынылып, 256-сы тіркелді. Соның ішінде 36 – облыстық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, 191 – аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, 29 – қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар.
1 мандатқа шығыстар 1 010,9 мың теңгені құрады.
2011 жылғы бірінші жартыжылдық
Сайлау туралы Конституциялық заңның 101-бабының 4-тармағына сәйкес 2011 жылғы 27 наурызда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізілді.
Сайлау 50 сайлау округінде (облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 5 округте, қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 7 округте және аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі 38 округте) өткізілді.
Сайлауды өткізуге 12 облыстық, 45 қалалық/аудандық аумақтық, 5 облыстық, 45 қалалық/аудандық округтік және 231 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Сайлау науқаны барысында мәслихаттар депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, олардың 117-сі тіркелді. Соның ішінде 11 - облыстық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, 87 – аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, 19 – қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар.
1 мандатқа шығыстар 975,8 мың теңгені құрады.
2011 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жылғы 3 сәуірге Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 4 706 509,3 мың теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді.
Сайлауды өткізуге 16 облыстық, 207 қалалық/аудандық, 9725 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Сайлау науқаны барысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне 22 кандидат ұсынылып, 4-і тіркелді.
1 тіркелген кандидатқа жұмсалған шығыстар 1 090 498,2 мың теңгені құрады.
Сайлауды өткізуге бөлінген бюджет қаражатының нақты игерілуі ¬ 4 361 992,7 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының үшжылдық бюджет көрсеткіштері
Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы
өлш.бірл.
2010
2011
жоспарлы кезең
2015
 
2012
2013
2014
 
1
2
3
4
5
6
7
8
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: өткізілетін сайлау науқандары мен референдумдардың саны
саны
3
3
3
2
3
2
жұмысқа тартылған түрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының саны
сайлаукомдардың жалпы санынан %
3,2
100
100
12,8
12,8
12,8
«Сайлау» ААЖ-на қосылған сайлау учаскелерінің саны
сайлау учаскелерінің жалпы санынан %
19
20
20
20
20
20
шығарылатын әдістемелік және ақпараттық материалдар саны
саны
5000
5000
150000
2000
3800
4000
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау және сайлану құқығын іске асыруын қамтамасыз етудің түпкілікті нәтижесінің көрсеткіштері
%
100
100
100
100
100
100
сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлау өткізу сапасының көрсеткіштері
%
100
100
100
100
100
100
бюджет қаражатының уақтылы және толық игерілуінің, барлық міндеттемелердің сапалы орындалуының тиімділік көрсеткіштері
%
100
100
100
100
100
100
бюджет шығыстарының көлемі
мың тг.
118 679,4
256 173,0
5 274 736,0
212 433,0
 
 



© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g