|
|
| Байқауды жүзеге асырудың басшылық қағидаттары |
 |
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасының егемендігін тануға және құрметтеуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға тиіс.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары:
- жеке басы мен аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;
- сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешім қабылдау рәсіміне араласпауға;
- cайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
- сайлау учаскесiнде тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген мінез-құлық ережелерiн сақтау жөнiндегi сайлау комиссиясы мүшелерiнiң талаптарын орындауға;
- алаламауға, нақты кандидатқа артықшылық бермеуге;
- Сайлау туралы заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын сақтауға міндетті.
|

|
|
|
|
|