|
|
| Тұрғанқұлов Қуандық Тұрғанқұлұлы |
 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
1949 жылғы 1 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының Көкөзек ауылында туған. Үйленген, екі қызы бар.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы - инженер-экономист.
Еңбек жолы:
- 1971-1979 жж. - Баянкөл геологиялық-барлау партиясында инженер-нормалаушы, Орталық геологиялық-тақырыптық экспедицияның аға инженер-экономисі, бөлім бастығы, экспедиция бастығының орынбасары;
- 1979 - 1986 жж. - Қапшағай қалалық парткомының нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі;
- 1986 - 1990 жж. - "Южказгеология" ПГО парткомының хатшысы;
- 1990 - 1993 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінде хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімінің консультанты, аға референті, ұйымдастыру-инспекторлық және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
- 1993 - 1996 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының, Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1996 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары.
2007 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасыю
Елбасының 2010 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы болып жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалдыю
|

|
|
|
|
|