|
|
| СӘРСЕМБАЕВ Марат Алдаңғорұлы |
 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
947 жылы 15 желтоқсанда Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы Андреевка (қазіргі Алакөл) ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Үйленген. Үш ұлы бар.
1969 ж. Алматы шет тілдер педагогикалық институты, мамандығы бойынша «ағылшын тілі мұғалімі»
1973 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы бойынша «құқықтанушы»
Еңбек жолы:
- 08.1969 - 12.1969 жж. - Талдықорған облысының Алакөл ауданы Үшарал ауылының В.И. Ленин атындағы орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді;
- 1969 - 1970 жж. - Мурманск облысының Североморск қаласында Совет армиясы қатарында әскери қызметін өтеді;
- 02.1971 - 04.1971 жж. - Талдықорған облысы Текелі қаласының № 6 орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі;
- 1971 - 1973 жж. - Көкшетау облысының Щучинск қаласы прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі;
- 1973 - 2000 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доцент, профессор, заң факультетінің деканы, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі;
- 1998 - 2002 жж. - «Дәнекер» Халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының ректоры;
- 2002 - 2005 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің директоры, заң факультетінің деканы;
- 08.2005 - 01.2007 жж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі;
2007 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
2010 жылғы 14 сәуір күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды.
|

|
|
|
|
|