|
|
| Мелдешов Бақыт Сарсенбайұлы |
 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданының Мақталы ауылында дүниеге келген.
1979-1986 жж. - С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті.
Еңбек жолы:
- Еңбек жолын 1977 жылы Шымкент облысы "Дармина" совхозында жұмысшы болып бастады.
- 1985 -1986 жж. - Алматы темір жолы басқармасы заң бөлімінің юрисконсульты.
- 1986 - 1989 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының аға консультанты.
- 1989 - 1995 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімінің консультанты, қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.
- 1995 - 1996 жж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыру-заң бөлімінің аға консультанты, Парламент Сенаты аппараты заң шығару бөлімінің консультанты.
- 1996 - 1997 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заң шығару және сот жүйесі жөніндегі бөлімінің аға сарапшысы.
- 1997 - 1998 жж. - "Қазақтелеком" ААҚ Басқармасы шарт-талдау бөлімінің бастығы.
- 1998 жылдан бастап - "Қазақтелеком" ААҚ Басқармасы шарт-талдау бөлімінің меңгерушісі
- 2001 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Заң бөлімінің меңгерушісі
2003 жылғы 25 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына сайланды.
2007 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
2010 жылғы 9 сәуір күні Парламент Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды. 2010 жылғы 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы.
|

|
|
|
|
|