Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
ЖЕТЕНОВ Үсен Жетенұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

1952 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

1969 - 1974 жылдары В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының студенті.

1987 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

2008 жылғы сәуірден бастап - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Еңбек жолы:
  • 1974-1980 жылдары Қ. Сатбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинаты мыс қорыту зауытының балқытушысы, ауысымды басқаратын өндірістік мастері.
  • 1979 жылдың маусымы-1980 жылдың қаңтары аралығында Қ. Сатбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинаты «ДНИПИцветмет»-тің сектор меңгерушісі.
  • 1980-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитеті өнеркәсіп-көліктік бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушінің орынбасары.
  • 1984-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы, инспекторы.
  • 1987-1988 жылдыры Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитеті өнеркәсіп-көліктік бөлімінің меңгерушісі.
  • 1988-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Балқаш қалалық комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1990-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің саяси ұйымдастырушысы, жауапты ұйымдастырушысы.
  • 1991 жылдың шілде-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасын қайта құруға ықпалдастық ассоциациясы бас директорының орынбасары.
  • 1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Экономикалық реформа, бюджет және қаржы комитетінің бас сарапшысы.
  • 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының көмекшісі.
  • 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер кабинеті Ұйымдастыру жұмысы және жергілікті әкімшіліктер бөлімінің бас инспекторы.
  • 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Жезқазған облысы бойынша өкілі.
  • 1995 жылдың наурызы – 1996 жылдың қаңтары айларында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары.
  • 1996 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
  • 1996-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы Мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы.
  • 2005-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2008 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2008 жылғы 29 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Елбасының 2010 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды.

Нақты өмiрбаян
Тұрғанқұлов Қуандық Тұрғанқұлұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

Фоос Владимир Карлович
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары

Мелдешов Бақыт Сарсенбайұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

Охлопкова Татьяна Витальевна
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Сәрсембаев Марат Алдаңғорұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Сүлеймен Ләззат Жаңылыcқызы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Жетенов Үсен Жетенұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі




© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g