Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

1961 жылғы 10 ақпанда Талдықорған облысы Ақсу ауданының Жансүгіров поселкесінде дүниеге келген.

1979 - 1983 жж. - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының студенті.

Еңбек жолы:
  • Еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған облысы Ақсу тәжірибе шаруашылығының жұмысшысы болып бастаған.
  • 1983 - 1985 жж. - Талдықорған облысы Чапаев орта мектебінің мұғалімі, директордың орынбасары.
  • 1986 - 1990 жж. - Талдықорған облысы Ақсу аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1990 - 1992 жж. - Ресей мемлекеттік әлеуметтік институтының студенті, Мәскеу қаласы.
  • 1992 - 1994 жж. - Талдықорған облыстық Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 1994 - 1997 жж. - Талдықорған облыстық Жастар істері, спорт және туризм жөніндегі басқарма бастығының бірінші орынбасары.
  • 1997 жылы - Талдықорған қаласы әкімі аппаратының Ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997 - 1998 жж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы.
  • 1998 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық-талдау бөлімінің консультанты.
  • 2001 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі.
2003 жылғы 25 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына сайланды.

2010 жылғы 9 сәуір күні Парламент Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды.

Нақты өмiрбаян
Тұрғанқұлов Қуандық Тұрғанқұлұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

Фоос Владимир Карлович
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары

Мелдешов Бақыт Сарсенбайұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

Охлопкова Татьяна Витальевна
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Сәрсембаев Марат Алдаңғорұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Сүлеймен Ләззат Жаңылыcқызы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Жетенов Үсен Жетенұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі




© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g