Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
12 тарау :: Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау

85-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауын тағайындау

1. Мыналар: 1) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;
2) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрілмей өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
3-1.Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депу таттарының сайлауы күні Мәжілістің партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар сайлауы өткізілетін күнмен дәл келмеуі мүмкін.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.
85-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңдарымен.
86-бап.Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
86-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңдарымен.
87-бап.Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутат-тығына кандидаттар ұсыну құқығы - белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея Кеңесіне тиесілі.
2. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.
Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
3. Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшір мемен ресімделеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі азаматтың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
5. Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидат тарды ұсыну сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан бір ай бұрын басталып, оған жиырма күн қалғанда аяқталады.
87-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III; 2009.02.09. № 124-IV Конституциялық заңдарымен.
88-бап. Сайлау жарнасы

1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Респу бликасының заңнамасында белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгiзедi.
2. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.
3. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
4. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай- ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
88-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен.
89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу

1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республика сы ның уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
Саяси партия ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметi органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну жөнiндегі салық қызметi органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметі органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы мәліметтер беру жөнiндегі салық қызметi органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап екі күн iшiнде беруге міндетті.
3. Партиялық тізімдерді тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
1) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме;
2) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтiнiшi;
3) партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;
6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.
4. Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.
5. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат тарды тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
1) Ассамблея Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы хаттама -сынан үзінді көшірме;
2) азаматтың депутаттыққа кандидат болып сайлауға түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.
6. Орталық сайлау комиссиясы:
1) партиялық тізімдер тiркелгеннен кейiнгі оныншы күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсете отырып тiркелгені туралы хабар жариялайды;
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттар тiркелгеннен кейiнгі үшінші күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының атауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған адамдардың санын, әрбір ұсынылған адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттардың қалауы бойынша қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тiркелгені туралы хабар жариялайды;
3) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
4) мынадай жағдайларда: саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған;
партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгiттi тiркелгенге дейiн жүргізген; тұтас партиялық тізімнің елу процентінен астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан;
партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған; партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаған; осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тiркеуден бас тартады немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда партиялық тізімді тiркеу туралы шешімнiң күшiн жоюға немесе бұрын тiркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтiруге жол берiлмейдi;
5) мынадай жағдайда:
партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген; партиялық тiзiмге енгiзілген адамның өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған; партиялық тiзiмге енгiзiлген адам сайлау алдындағы үгіттi партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн жүргiзген;
партиялық тiзімге енгiзiлген адамның партиялық тiзiмді ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес партиялық тiзiмге енгiзілген адамның және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
партиялық тiзiмге енгізілген адамның немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаған; осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмге енгiзілген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiм қабылдайды.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiмге партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия не партиялық тiзiмнен шығарылған адам тиiстi сотқа шағым жасауына болады, сот шешiмi түпкiлiктi болып табылады. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда шығару туралы шешiм қабылдауға жол берілмейдi;
6) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты мынадай жағдайларда: адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген; ол өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі кандидаттарды ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған; кандидат, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгіттi тiркелгенге дейiн жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес декларация берген кезде кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда;
кандидаттың немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден алып тасталған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.
7. Партиялық тiзiмді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.
8. Партиялық тізімдерді тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда аяқталады.
89-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III; 2009.02.09. № 124-IV Конституциялық заңдарымен.
90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Орталық сайлау комиссия сына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмге енгiзілген адамды шығару туралы шешiм қабылдайды.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
90-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен.
91-бап. 91-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II Қонституция лық заңымен.

92-бап. 92-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конститу-циялық заңымен.

92-1 - Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi

1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
92-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I Конституциялық заңымен.
93 бап. 93-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен.

93-1-бап. Қазақстан халқы ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясын өткізу тәртібі

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау Республика Президенті шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізіледі.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына аумағында сессия өткізілетін, Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі дауыс беруге дейін он күннен кешіктірмей дауыс беру өткізілетін орын туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.
3. Сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізілетін үй-жайда Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясының өткізілгендігін куәландыратын құжат аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылатын сессияның хаттамасы болып табылады.
5. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін сессия жабылады.
93-1-бап – Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конститу циялық заңымен.
94-бап. Партиялық тізімдер бойынша мәжiлiс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау

1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2. Партиялық тізімдер бойынша сайлаудың нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде белгіленеді, олар сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Сайлау нәтижелері туралы хаттама жасалады.
3. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
94-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен.
94-1-бап. Қазақстан халқы Aссамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.
2. Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі дауыстарды санау хаттамасын жасайды, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария етіледі және сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
3. Дауыстарды санау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
94-1-бап – Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конститу циялық заңымен.
95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде қайта дауыс беру

1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін бұзушылық орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қайта дауыс беруді тағайындайды.
2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде партиялық тізімдер бойынша, сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
95-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен.
96-бап. Мәжiлiс депутаттарын қайта сайлау

1. Егер партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылған болса, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын өткiзу туралы шешiм қабылдайды.Қайта дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі.
2. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса не бастапқы сайлауды өткізу кезінде адам сайланбай қалған жағдайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей немесе Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мерзімде өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларының қысқартылған мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
4. Қайта сайлауды өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
96-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен.
97-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау

1. Республиканы тұтас алғанда Мәжiлiс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде анықтайды.
2. (алып тасталды)
3) (алып тасталды)
3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
97-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II; 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңдарымен.
97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң қорытындыларына қарай бөлу

1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жеті және одан да көп процентін алған әрбір партиялық тізім үшін біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жеті проценттік кедергіден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті процентін тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі.
Екі саяси партияға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді. Жеті проценттік кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан партиялардың тізімімен алынған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.
Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
Жеті проценттік кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан саяси партия кемінде екі мандат алады.
4. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген іс-әрекеттен кейін бөлінбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргізіледі. Бөлінбеген мандаттар осы баптың 3-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігіне (қалдығына) ие болған партиялық тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тіркелген партиялық тізімге беріледі.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезінде бөлінбе-ген мандаттар дауыс беру қорытындысы бойынша жеті проценттік кедергіні еңсерген партиялық тізімге беріледі.
5. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы осы Конституциялық заңның 89-бабының 4-тармағына сәйкес партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерге саяси партияның басшы органы алынған депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындамаған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен партия алған депутаттық мандаттарды бөлу мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тіркелген тізімдерге сай жүзеге асырылады.
6. Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен саяси партияның тізіміне енгізілген кандидаттар арасынан саяси партияның басшы органы осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындайтын келесі кандидатқа беріледі.
Тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос қалады.
Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш және саяси партияның басшы органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме бере отырып, кандидаттардың партиялық тізімдегі кезектілігін өзгертуге құқылы.
97-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. № 545-II; 2007.06.19. № 268-III; 2009.02.09. № 124-IV Конституциялық заңдарымен.
98-бап. Мәжiлiс депутаттарын тiркеу

Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркейдi.
98-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен
99-бап. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткiзу

1. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
99-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының - 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңдарымен.
100-бап. Конституциялық кеңестiң Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы

1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төраға сы-ның, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағында партиялық тізімдер бойынша Мәжiлiс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
4. Конституциялық Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы оны жарамсыз деп тану және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды.
100-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II; 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңдарымен.
МАЗМҰНЫ
I. ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-тарау
Жалпы ережелер
(1-9 бап)

2-тарау
Сайлау органдары
(10-20.2 бап)

3-тарау
Сайлау округтерi мен учаскелерi
(21-23 бап)

4-тарау
Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
(24-26 бап)

5-тарау
Сайлау алдындағы үгiт
(27-32 бап)

6-тарау
Сайлауды қаржыландыру
(33-36 бап)

7-тарау
Дауыс беру тәртiбi
(37-42 бап)

8-тарау
Дауыс беру қортындыларын анықтау
(43-46 бап)

9-тарау
Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
(47-50 бап)

9.1-тарау
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізудің ерекшеліктері
(50.1-50.9 бап)

II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

10-тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы
(51-68 бап)

11-тарау
Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау
(69-84 бап)

12-тарау
Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау
(85-100 бап)

13-тарау
Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы
(101-113 бап)

14-тарау
Қазақстан Республикасының жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау
(114-127 бап)

15-тарау
Қорытынды және өтпелi ережелер
(128-133 бап)





© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g