Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
14 тарау :: ҚР өзге де жергiлiктi өзiн¬өзi басқару органдарына сайлау

14-тараудың тақырыбы толықтырылды – Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конститу циялық заңымен.
114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау
1. Мыналар:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға;
2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс.
Сайлауларды өткiзу тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды.
3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
114-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңымен.
115-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне қойылатын талаптар

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлану құқығы болуға тиiс.
115-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңымен.
116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде:
1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады;
2) округтiк сайлау комиссиясының қызметiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы атқарады;
3) сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарға тиесілі.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiм жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
3. Азаматтар жиналысының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды.
6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi.
7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып, сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады.
8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.
9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
117-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңдарымен.
118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкілеттi мемлекеттiк органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.
Бұл ретте салық қызметі органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.
2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) азаматтар жиналысының хаттамасы;
2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
4) (алып тасталды)
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3) (алып тасталды)
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.
5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.
6. Аумақтық сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда: кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажеттi құжаттарды табыс етпеген; кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiтті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған; сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмiнiң жойылуына азаматтар жиналысы немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап үш күн iшiнде шағым жөнiнде шешiм шығарады.
8. Кандидатты тiркеу сайлау күнiнен жиырма күн бұрын басталып, оған он үш күн қалғанда аяқталады.
118-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. № 222-I; 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II; 2005.04.15. № 44-III Конституциялық заңдарымен.
119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы мүшелігіне кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кезеңде тиiсті аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
119-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II; 2005.04.15. № 44-III Конституциялық заңымен.
120-бап. 120-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңымен.

121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелiгіне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол бір айдан аспауға тиiс.
2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
121-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңдарымен.
122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
122-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I Конституциялық заңымен.
123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау

1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.
2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.
123-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I Конституциялық заңымен.
124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құрал-дарында хабарланады.
4. (алып тасталды)
124-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңдарымен.
125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.
1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.
2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
125-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I Конституциялық заңымен.
126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.
2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
126-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I Конституциялық заңымен.
127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзу

1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы өкiлеттігiнің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзімi аяқталуына бір жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзілмейдi.
127-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңдарымен.

МАЗМҰНЫ
I. ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-тарау
Жалпы ережелер
(1-9 бап)

2-тарау
Сайлау органдары
(10-20.2 бап)

3-тарау
Сайлау округтерi мен учаскелерi
(21-23 бап)

4-тарау
Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
(24-26 бап)

5-тарау
Сайлау алдындағы үгiт
(27-32 бап)

6-тарау
Сайлауды қаржыландыру
(33-36 бап)

7-тарау
Дауыс беру тәртiбi
(37-42 бап)

8-тарау
Дауыс беру қортындыларын анықтау
(43-46 бап)

9-тарау
Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
(47-50 бап)

9.1-тарау
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізудің ерекшеліктері
(50.1-50.9 бап)

II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

10-тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы
(51-68 бап)

11-тарау
Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау
(69-84 бап)

12-тарау
Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау
(85-100 бап)

13-тарау
Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы
(101-113 бап)

14-тарау
Қазақстан Республикасының жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау
(114-127 бап)

15-тарау
Қорытынды және өтпелi ережелер
(128-133 бап)





© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g