Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
15 тарау :: Қорытынды және өтпелi ережелер
128-бап. 128-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II Конститу-циялық заңымен.

129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртiбi

1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.
2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртiбiмен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады.
Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.
4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.
5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi.
6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.
7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.
129-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II Конституциялық заңдарымен.
130-бап. 130-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II Конститу-циялық заңымен.

131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi

Республика Конституциясында көзделген, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң қолданысқа енгізілгеннен кейін тағайындайды.

132-бап. 132-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. № 545-II; 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңдарымен.

133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы

Осы Конституциялық заң:
1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;
2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
133-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I Конституциялық заңымен.
Қазақстан Рeспубликасының Прeзидeнті

МАЗМҰНЫ
I. ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-тарау
Жалпы ережелер
(1-9 бап)

2-тарау
Сайлау органдары
(10-20.2 бап)

3-тарау
Сайлау округтерi мен учаскелерi
(21-23 бап)

4-тарау
Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
(24-26 бап)

5-тарау
Сайлау алдындағы үгiт
(27-32 бап)

6-тарау
Сайлауды қаржыландыру
(33-36 бап)

7-тарау
Дауыс беру тәртiбi
(37-42 бап)

8-тарау
Дауыс беру қортындыларын анықтау
(43-46 бап)

9-тарау
Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
(47-50 бап)

9.1-тарау
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізудің ерекшеліктері
(50.1-50.9 бап)

II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

10-тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы
(51-68 бап)

11-тарау
Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау
(69-84 бап)

12-тарау
Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау
(85-100 бап)

13-тарау
Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы
(101-113 бап)

14-тарау
Қазақстан Республикасының жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау
(114-127 бап)

15-тарау
Қорытынды және өтпелi ережелер
(128-133 бап)





© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g