|
|
| Cайлау органдары |
 |
Республикадағы сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
- Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі Ортсайлауком);
- аумақтық сайлау комиссиялары;
- округтік сайлау комиссиялары;
- учаскелік сайлау комиссиялары.
Ортсайлауком Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметтерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және оларды тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары бойынша сайлайды. әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың мәслихат белгілеген мерзімде ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясын құратын мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалғанның орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындауға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.
|

|
|
|
|
|