Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау партиялық тізімдер бойынша жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Қазақстан Республикасы конституциясының 33-бабының 2- және 2-тармақтарына, 51-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – сайлау туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрған, жасы жиырма беске толған адам Парламент Мәжiлiсінің депутаты бола алады.
Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат бола алмайды (сайлау туралы заңның 4-б.).
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы - белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея кеңесіне тиесілі.
Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге Ортсайлаукомға ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2007 жылғы 22 маусымда басталып, 11 шілдеде аяқталады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2007 жылғы 4 тамызда басталып, 9 тамызда аяқталады.
Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған кандидаттарды тіркеуді Ортсайлауком жүргізеді.
Партиялық тізімдерді тіркеу 2007 жылғы 22 маусымда басталып, 17 шілдеде аяқталады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған кандидаттарды тіркеу 2007 жылғы 9 тамызда басталып, 14 тамызда аяқталады.

Мазмұны
Кіріспе

Сайлау органдары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы

Рeспублика мәслихаттарының дeпутаттарын сайлау туралы

Сенім білдірілген адамдар

Сайлау алдындағы үгіт

Дауыс бeру уақыты мен орны

Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

«Сайлау» электрондық сайлау жүйесін пайдалану

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу тәртібі

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының қызмет өкілеттіктері мен кепілдіктері

Байқауды жүзеге асырудың басшылық қағидаттары

Байқаушылардың қызметін қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету

Сайлау науқаны барысындағы шешімдер мен іс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшін жою


Жаднамалар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды байқау жөніндегі жаднама

"Сайлау" ААЖ төлқұжаты

Мәслихат депутаттығына кандидатқа жаднама
Мәслихат депутаттығына кандидат, оның сенім білдірілген адамдары нені білуі қажет

Округтік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама
Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама

Байқаушыларға жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлаудағы саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушыларына, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жаднама

Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесіне жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөнінде аумақтық сайлау комиссиясы мүшесіне жаднама

Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөнінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама

Саяси партияларға жаднама
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бiртұтас жалпы ұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнінде не білуі қажет





© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g