Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтарын іске асыруына барлық жағдайлар мен кепілдіктер жасалған, сайлау комиссияларының жүйесі қалыптасқан, ең жаңа сайлау технологиялары енгізіліп, дамытылуда.
Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы саяси партияларының, қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушыларына, депутаттыққа кандидаттарға, саяси партияларға, олардың сенім білдірген адамдарына, шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сайлауды байқауға мүмкіндіктер кеңінен қамтамасыз етілген.
Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, БАҚ өкілдері сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесі туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
Сайлау комиссияларының қызметі жариялы және ашық түрде жүзеге асырылады.
Сайлау комиссиясының отырыстарына депутаттыққа кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде БАҚ өкілдері қатыса алады.
Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап, дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде сайлау учаскесінде бір мезгілде мыналар:
  • әрбір кандидат пен саяси партиядан бір сенім білдірілген адам;
  • қызметтік куәлігі мен редакция тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір өкілден;
  • Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан бір байқаушыдан;
  • Қазақстан Республикасының әрбір қоғамдық бірлестігінен бір байқаушыдан;
  • Қазақстан Республикасының әрбір коммерциялық емес ұйымынан бір байқаушыдан;
  • шет мемлекеттердің байқаушылары;
  • халықаралық ұйымдардың байқаушылары;
  • шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.

Мазмұны
Кіріспе

Сайлау органдары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы

Рeспублика мәслихаттарының дeпутаттарын сайлау туралы

Сенім білдірілген адамдар

Сайлау алдындағы үгіт

Дауыс бeру уақыты мен орны

Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

«Сайлау» электрондық сайлау жүйесін пайдалану

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу тәртібі

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының қызмет өкілеттіктері мен кепілдіктері

Байқауды жүзеге асырудың басшылық қағидаттары

Байқаушылардың қызметін қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету

Сайлау науқаны барысындағы шешімдер мен іс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшін жою


Жаднамалар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды байқау жөніндегі жаднама

"Сайлау" ААЖ төлқұжаты

Мәслихат депутаттығына кандидатқа жаднама
Мәслихат депутаттығына кандидат, оның сенім білдірілген адамдары нені білуі қажет

Округтік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама
Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама

Байқаушыларға жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлаудағы саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушыларына, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жаднама

Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесіне жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөнінде аумақтық сайлау комиссиясы мүшесіне жаднама

Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөнінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама

Саяси партияларға жаднама
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бiртұтас жалпы ұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнінде не білуі қажет





© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g