Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  
«Сайлау» электрондық сайлау жүйесін пайдалану

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда жекелеген сайлау учаскелерінде электрондық сайлау жүйесін де, қағаз бюллетеньдерді де пайдалана отырып дауыс берудің аралас нысаны пайдаланылатын болады. дауыс беру нысанын таңдау туралы шешімді сайлаушының жеке өзі қабылдайды.
Электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерін олардың электрондық дауыс беруге дайын болу шамасына қарай Ортсайлауком айқындайды.
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізу кезінде сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Сайлау туралы заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді толық көлемде иеленеді.
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беруге арналған үй-жайда Ортсайлауком белгілеген тәртіппен электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат алған маман қатыса алады.
Сайлау туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық сайлау жүйесіне қатысты іс-әрекетті кімнің болса да, жүзеге асыруына тыйым салынады.
Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергi келтiретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда, сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресiмделедi және оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қояды. бұл шешiмнiң орындалуы электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды қамтамасыз ететiн маманға жүктеледi.
Жабдықтардың техникалық жай-күйі сайлауды тиісінше өткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда, тиісті сайлау учаскесінде дауыс беру қағаз бюллетеньдермен өткізіледі.
Дауыстарды санау Сайлау туралы заңда белгіленген уақытта басталады, бiрақ ол осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесiне енгізілмей тұрып басталмауға тиіс.

Мазмұны
Кіріспе

Сайлау органдары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы

Рeспублика мәслихаттарының дeпутаттарын сайлау туралы

Сенім білдірілген адамдар

Сайлау алдындағы үгіт

Дауыс бeру уақыты мен орны

Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

«Сайлау» электрондық сайлау жүйесін пайдалану

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу тәртібі

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының қызмет өкілеттіктері мен кепілдіктері

Байқауды жүзеге асырудың басшылық қағидаттары

Байқаушылардың қызметін қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету

Сайлау науқаны барысындағы шешімдер мен іс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшін жою


Жаднамалар

Кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарына арнлаған жаднама

Сайлау байқаушыларына арналған әдістемелік құрал

Аумақтық сайлау комиссияларына арналған әдістемелік құрал

Учаскелік сайлау комиссияларына арналған әдістемелік құрал

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды байқау жөніндегі жаднама

"Сайлау" ААЖ төлқұжаты

Мәслихат депутаттығына кандидатқа жаднама
Мәслихат депутаттығына кандидат, оның сенім білдірілген адамдары нені білуі қажет

Округтік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама
Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама

Байқаушыларға жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлаудағы саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушыларына, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жаднама

Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесіне жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөнінде аумақтық сайлау комиссиясы мүшесіне жаднама

Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөнінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне жаднама

Саяси партияларға жаднама
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бiртұтас жалпы ұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнінде не білуі қажет





© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g