Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  

29.01.08 ҚР ОСК Төрағасы Елші, Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы И.Викки кездесуі болды
2008 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың Елші, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Ивар Викки мырзамен кездесуі болды

2008 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың Елші, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Ивар Викки мырзамен кездесуі болды.
Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясы мен ЕҚЫҰ-ның сайлау заңнамасын жетілдіру, Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін демократияландыру саласындағы одан арғы ынтымақтастығының бағыттары талқыланды.
Ортсайлауком Басшысы Викки мырзаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жоспарымен таныстырды. Осы жоспар арнаулы құрылған жұмыс тобының шеңберінде, сондай-ақ бірлесе ұйымдастырылған дөңгелек үстелдердің барысында барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, сайлау заңнамасына түзетулер пакетін әзірлеуді және талқылауды жорамалдайды.
Сайлау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы осылайша әзірленген ұсыныстар пакеті ағымдағы жылдың соңында-ақ оны кейіннен еліміздің Парламентіне қарауға енгізу үшін Үкіметке берілетін болады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының маңызды бағыттарының ішінде Қуандық Тұрғанқұлов сондай-ақ алдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайлауға қатысу үшін ЕҚЫҰ-дан байқаушыларды шақыру, Ортсайлауком ұйымдастыратын барлық іс-шараларға ЕҚЫҰ өкілдерін шақыруды және Қазақстан Республикасының өкілдерін ЕҚЫҰ-ның шет елдердегі сайлауды байқау жөніндегі Миссияларының құрамына жіберуді жалғастыру ниетін атап көрсетті.
Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететіні туралы шешімнің қабылдануымен Ортсайлауком Төрағасын құттықтай отырып, өткен жылдар ішінде ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жинақталғанын атап көрсетті, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды одан әрі жетілдіру жөнінде әзірленген жұмыс жоспарына қанық деген сипаттама берді.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның өткен жылғы тамызда өткен парламенттік сайлауды байқау қорытындылары бойынша ұсынған ұсынымдарын талқылап, олардың негізгілері бойынша пікір алмасты.
Кездесудің соңында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы ағымдағы жылғы 1 сәуірде атқарып отырған лауазымын босататыны туралы Ортсайлауком Төрағасын хабардар етті.
Өз тарапынан Қуандық Тұрғанқұлов Викки мырзаға жемісті ынтымақтастық жасағаны үшін алғысын айтты және Ортсайлауком мен ЕҚЫҰ арасында жинақталған бірлескен жұмыс тәжірибесі алдағы уақытта да пайдаланылатын болады деген сенімін білдірді.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44

08.04.2008
ОСК ҚР жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасындағы конкурсты әзірлеу және өткізу бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті...
толығырақ
27.03.2008
Орталық сайлау комиссиясында ДИАҚБ/ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу болып өтті...
толығырақ
29.01.2008
29.01.08 ҚР ОCK Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың Елші, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы И.Викки мырзамен кездесуі болды...
толығырақ

КЕРІ БАЙЛАНЫС
   Мәтін    Хабардың түрі     
   Күні   (DD.MON.YYYY)

 Толық сәйкестік      Шамалы сәйкестік

    




© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g