Орнамент Республики Казахстан Қазақстан
Республикасының
Орталық
сайлау
комиссиясы
Орнамент Республики Казахстан
  КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ     САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ     БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ     САЙЛАУШЫҒА     БАҚЫЛАУШАҒА     САЙЛАУ     ПАРТИЯЛАР     БИЛІК ОРГАНДАРЫ     МЕМ.САТЫП АЛУ  

ОСК ҚР конкурсты әзірлеу және өткізу бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасындағы конкурсты әзірлеу және өткізу бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

2008 жылғы 8 сәуір күні Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында номинациялар бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы, сайлау процесі және сайлау заңнамасы мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурсты әзірлеу және өткізу бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Конкурс 2008 жылдың 11 ақпаны мен 31 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін арттыру» бірлескен жобасын іске асыру аясында өткізіліп отыр.
Жұмыс тобының құрамына азаматтық білім беру және сайлау процесі салаларында қызмет ететін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес, халықаралық және басқа да ұйымдардың өкілдері кірген.
Бірінші отырыс барысында Жұмыс тобының мүшелері Конкурстың 2008 жылғы 18 сәуірге дейін жүретін бірінші кезеңінің аяқталуына қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. 21 сәуірден екінші кезең басталады.
«Біздің көздеп отырған негізгі мақсатымыз – жастардың кәсіби даярлық деңгейін, электораттық мәдениетін, қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, студенттер мен магистранттардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, оларды сайлау процесіне белсенді тарту болып табылады», - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Жұмыс тобының төрайымы Татьяна Охлопкова.
«Халықтың электораттық мәдениетін арттыру» бірлескен жобаның іс-шаралар жоспарына сәйкес, Конкурстың қорытындысын республикалық қазылар алқасы 15 маусымға қарсы шығарады, ал 1 шілде күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44

08.04.2008
ОСК ҚР жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасындағы конкурсты әзірлеу және өткізу бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті...
толығырақ
27.03.2008
Орталық сайлау комиссиясында ДИАҚБ/ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу болып өтті...
толығырақ
29.01.2008
29.01.08 ҚР ОCK Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың Елші, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы И.Викки мырзамен кездесуі болды...
толығырақ

КЕРІ БАЙЛАНЫС
   Мәтін    Хабардың түрі     
   Күні   (DD.MON.YYYY)

 Толық сәйкестік      Шамалы сәйкестік

    




© НП ООО "Тодес"    Powered by Oracle Application Server Portal 10g